VII ZhasCamp Kazakhstan

Жастар [бей] конференциясы

Мирамбек Камалов: ​ZhasCamp – қоғамды өзгерту мүмкіндігі

31.10.2017

21-22 қазанда Ақтөбе қаласында ZhasCamp конференциясы өтті. Бағдарлама спикері Мирамбек Камалов, қоғам қайраткері, Ақтөбедегі Қазақстан жастар ақпараттық қызметінің экс-директоры өз әсерлерімен бөлісті және қазіргі Қазақстан жастарының болашағын қалай көріп жатқанын айтып берді.

— Біздің жастардың негізгі мәселелері қандай?

— Менің ойымша, жастарды толғандыратын мәселе – олардың жұмыс басты болуы. Екіншіден, оқуының ақысы. Үшінші – жастардың арасындағы қылмыс сияқты әртүрлі психологияық мәселелер. Қазіргі кезде жастарды толғандыратын мәселе өте көп, алайда ең бастысы – жұмыссыздық мәселесі. Егерде жастар жұмыспен қамтылатын болса, мемелекеттік жұмыспен қамтылып, өз тұғырында, өз деңгейінде боластын болса, ешқандай мәселе болмас еді.

— Батыс Қазақстан жастарының ерекшелігі қандай?

— Меніңше, Батыс Қазақстан жастарының ерекшелігі көп нәрсені тігінен айтады, бұл бір. Екіншіден, батыс жастары өз пікірін тік айтудан қорықпайды.

— Сіздің ойыңызша қоғамдық саясат жастарды қаншалықты қызықтырады?

— Өкінішке орай, қоғамдық саясат жастардың 10% ғана қызықтырады деп ойлаймын. Себебі қазіргі таңда көптеген қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың бастамаларының бәрі дәріптеу, қолдау мәселесі өз жолына қойылмаған, жүйесі жасалмаған. Сондықтан да жастардың қоғамдық саясат, қоғамдық бастамалар, қоғамдық ұйымдарға деген қызығушылығы өте төмен. Жастар қоғамдық ұйымдарды онша байқай да қоймайды. Бұл мемлекеттің қоғамдық ұйымдар жұмысының аясын тарылтуына байланысты.

— Қазіргі кезде жастар өзгерістер жасай алады деген үмітті ақтап жатыр ма?

— Қазіргі таңда өзгерістерді жастар түгілі үлкен буынды ағаларымыздың өзі жасап жатқан жоқ. Жастардың қазіргі таңда саясатқа деген ықтиярлығы өте төмен. Сондықтан жастар ретімен, жүйесімен жүретін һзгерістерге ықпал ете алатынына сенбеймін. Мысалы, жастар митинг десе қорқады, ЖОО болсын, бәрі оларды қорқытып тастаған. Жастар өздерінің құқықтарын білмейді, өз құқықтарын қорғай алмайды. Жастар да, аға буын да өзгерістер жасап жатыр деп ойламаймын. Өйткені біздің саяси жүйе заң тетіктерімен қоғамның ықпалдылығын өте төмендедіп тастаған.

— Қазіргі жастар басқарушылар ма, атқарушылар ма?

— Қазіргі жастардың басқарушылары да бар, атқарушылары да бар. Жастар қоғамның барлық дерлік секторларында бар, бірақ қазірде атқаруышлар көбірек деп ойлаймын, дегенмен болашақ жастардың қолында, жастар көп жерде қозғалыс болады.

— Қазақстандық жастардың көшбасшысы кім?

— Ондай адамдарды айтып көрсете алмаймын, себебі жастардың қазіргі үлгі тұтарлық азаматтар аз. Әрине әр саланың өз лидерлері болады, бір бағыттың көшбасшысы болады. Кумир ретінде жастар мәдениет саласында, спорт саласында еліктейтін адамдар бар. Жалпы кумир деп біреуді айта алмаймын. Мысалы, Ерке Есмехан, Қайрат Нұртастарың бар. Бірақ азаматтық қоғам саласында жастарды қызықтыратын ешкім жоқ.

— ZhasCamp туралы не айта аласыз?

— ZhasCamp неше жыл бойы өтіп жатыр, ZhasCamp бүгінгі форматта қаншама студенттер отыр. Бұл жерде негізінен менің ойымша олар қоғамға бір өзгеріс керек деген түйсігі болса, олар өз құқығымды неге қорғамаймын деген ой болса, неге мен ерекше басқаша ойланбаймын деген ой болса дегенге қол жеткізеді деген ойдамын. Екі күннің ішінде бәрін өзгерте алмаймыз, бірақ көбінің ойында сондай бір пікір қалыптасты деп ойлаймын. ZhasCamp қоғамды өзгерту мүмкіндігі. ZhasCamp студенттер арасында, олардың ой түйсіктерінде, қоғамда бір нәрсені болса да өзгертуге мүмкіндік бар екендігіне көз жеткізсе екен дейімін. Соған ZhasCamp ықпал етіп, түрткі болады деп ойлаймын, солардың алғашы болады деген ойдамын. Әрине жастарға оқу орындарында болсын, мектептерде болсын ешкім осындай мәселелерді көтермейді. Ал ZhasCamp арасында жастар ойлау алаңына кішкене бір серпіліс береді деген ойдамын. ZhasCamp ке сәттілік, оның түлектері елімізде болатын жақсы өзгерістер ішінде болады деп ойлаймын. Өйткені ол үлкен ойға келуге көмектеседі деп ойлаймын.

Благодарим за поддержку

Ұйымдастырушы

Название

Генеральные партнеры

Фонд Cорос-Казахстан
Название

Партнеры

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название

Соорганизаторы

Название
Название
Название

Основные партнеры: Места проведения

Название
Название
Название
Название
Название

Медиа-партнеры

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название

Молодежные организации

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название